Panasonic TXPR42C21 Istruzioni per gli Interventi Pagina 4

  • Scaricare
  • Aggiungi ai miei manuali
  • Stampa
  • Pagina
    / 64
  • Indice
  • SEGNALIBRI
  • Valutato. / 5. Basato su recensioni clienti
Vedere la pagina 3
4
Қауіпсіздік шаралары
Абайлаңыз
Электр шнуры мен оның ашасын қолдану
Электр шнурын розеткаға толығымен кіргізіңіз. (Егер электр шнурының ашасы бос болса, қызу пайда
болып, өрттің шуғуы мүмкін.)
Электр шнурын оңай қолдануға болатынына көз жеткізіңіз.
Электр тоғы соғуын болдырмау үшін ток сымының бір ұшы жерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
CLASS I құрылымы бар аппараты бір ұшы жерге қосылып, розетканың ток сымына жалғануы тиіс.
Электр шнурын дымқыл қолдарыңызбен тимеңіз. (Одан ток соғуы мүмкін.)
Осы теледидардың ток сымынан басқа ток сымдарын пайдаланбаңыз. (Өрт шығуына немесе ток
соғуына себеп болуы мүмкін.)
Электр шнурын зақымдап алмаңыз. (Зақымдалған шнурдан өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.)
Теледидарды шнуры розеткаға жалғаулы күйінде жылжытпаңыз.
Шнурға ауыр зат қоймаңыз немесе шнурдың жанына ыстық затты қоймаңыз.
Шнурын шиыршықтамаңыз, оны қатты қайырмаңыз немесе оны созбаңыз.
Шнурынан тартпаңыз. Шнурын ажыратқан кезде шнурдың ашасынан ұстаңыз.
Зақымдалған шнур ашасын немесе розетканы пайдаланбаңыз.
Егер сіз қандай да
бір ақауды байқасаңыз,
электр шнурының ашасын
бірден суырып алыңыз!
220-240 В
айнымалы
ток, 50/60 Гц
Қуат көзі
Бұл теледидар 220–240 В, 50 / 60 Гц айнымалы
тоқпен жұмыс істеуге арналған.
Қақпақтарды алмаңыз жəне ЕШҚАШАН
теледидарды өз бетіңізше өзгертпеңіз
Артқы қақпағын шешпеңіз, себебі оны шешсеңіз
тогы бар бөліктері ашық қалады. Оның ішінде
пайдаланушыға қажетті бөліктер жоқ. (Жоғары
кернеулі бөліктерден ток соғуы мүмкін.)
Теледидарды тексертіп, реттеп немесе жергілікті
Panasonic дилеріне жөндетіп алыңыз.
Жаңбырдың астына немесе
аса дымқыл жерге қоймаңыз
Токтың соғуы немесе өртке алып баруы мүмкін зақымданудың
алдын алу үшін, бұл теледидарды жаңбырдың астына немесе
аса дымқыл жерге қоймаңыз. Бұл теледидар су тамшылайтын
немесе шашырайтын жерде жəне ішінде сұйықтық бар заттың
астында тұрмасын, мысалы құмыра теледидардың үстінде
немесе астында тұрмауы керек.
Күн көзіне тікелей жəне басқа
жылу көздеріне шығармаңыз
Теледидарды күн көзіне тікелей жəне басқа жылу
көздеріне шығармаңыз.
Өрт таралуының алдын алу
үшін шамдарды немесе басқа
ашық от көздерін əрқашан
теледидардан аулақ ұстаңыз
Теледидар ішіне шетелдік
заттарды салмаңыз
Заттардың теледидар ішіне ауа кіретін тесіктер
арқылы түсуіне жол бермеңіз. (Нəтижесінде
өрттің шығуы немесе ток соғуы мүмкін.)
Теледидарды жылтыр немесе
тұрмайтын орындарға қоймаңыз
Теледидардың құлауы немесе аударылып түсуі
мүмкін.
Тек арнаулы негіздерді / бекіту
жабдығын пайдаланыңыз
Рұқсат етілмеген негізді немесе басқа керек-
жарақтарды пайдалану теледидарды тұрақсыз
етіп, зақым келтіруі мүмкін. Жергілікті Panasonic
делдалынан орнатып беруді сұрауды ұмытпаңыз.
Рұқсат етілмеген негіздерді (7-бет) /
Қабырғаға ілетін кронштейн (6-бет).
Балаларға SD картасын
ұстатпаңыз
Басқа да ұсақ заттарды сияқты, SD карталарды
жас балалар жұтып қоя алады. Қолданып
болғаннан кейін SD картаны дереу алып,
балалар жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Vedere la pagina 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 63 64

Commenti su questo manuale

Nessun commento